Қылмыс

Балқаш тұрғыны 3 жасар баланы ұрып өлтірген

  • © seyminfo.ru

    © seyminfo.ru

Қарағанды облысы Балқаш қаласының 30 жастағы тұрғыны өзімен бірге тұратын әйелдің үш жасар баласын өлтіргені үшін сотталды. Ер адам 23 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үш жасар сәбидің өліміне қатысты іс Қарағандының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қайтыс болған сәбидің ата-анасының айтуынша, сотталушы сәбидің анасымен бірге тұрып келген.


Осы оқиға болған күні әйел жұмысқа кетіп, үш жасар ұлы мен тұңғыш қызын ер адаммен бірге қалдырып кеткен. Қызы серуендеуге кеткен кезде сотталушы баланы өлгенше сабаған. Ер адам сол сәтте мас күйде болған.


"Сот Қарағандыда өтті. Ер адам 23 жылға сотталды", -деп хабарлады қайтыс болған сәбидің туыстары.


Еске сала кетейік, осыған дейін ер адам үш жасар сәбиді өлтіргенін мойындады.


Ведомство мәліметінше, 24 ақпанда Балқаш қаласындағы пәтерлердің бірінен дене жарақаттары бар үш жасар сәби өлі табылған. 

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31