Қылмыс

Балқашта бейәдеп смс хабарлама жіберген мұғалім сотталды

  • © samiysok.com

    © samiysok.com

Балқаштағы балаларды дамытуға арналған халықаралық орталықтың оқытушысы бұрын бірге тұрған ер азаматты өзіне қайтару үшін өштескен адамына бейәдеп смс хабарламалар жіберіп, сот алдынан бірақ шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Оқытушы бірге тұрып жатқан ер азаматтың өзіне деген адалдығына күмән келтіре бастайды. Жігітінің ұялы телефонынан белгісіз қыздан келген хабарламаны алған соң оңды-солды оған әдепсіз сөздер жазып жібере бастаған. Хабарламаға жауап болмаған соң ол қыздың телефонына тыным бермей қоңырау шалған.


Үздіксіз қоңыраудан шаршаған қыз болса, телефонын өшіріп тастап артынан мазасын алған әйелді сотқа берген. Сот ҚР ҚК-нің 131 бабы бойынша (азаматтың намысына тию, өзге адамды әдепсіз сөздер айтып қорлау) іс қозғады.


Айыпталушы әйелдің өзінен кешірім сұрап татуласуға деген ниетін айыпкер назарға да алмаған. Осылайша, Балқаш қалалық сотының судьясы Марат Башанов оқытушыны ҚР ҚК-нің 1 бабы бойынша кінәлі деп тапты.


«Айыпталушыны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалсын. Сотталушыдан зардап шеккен азаматқа моральдық шығын ретінде 100 мың теңге, сондай-ақ құқықтық шығындар үшін тағы 50 мың теңге алынсын»,-деп үкім шығарды судья.


 




Көрілген: 504    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 21.12.2017, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31