Қылмыс

Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

  • Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

    Банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды

Бастапқы деректер бойынша, Жомарт Ертаев алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Онымен бірге тағы үш адам ұсталды. Танымал қазақстандық банкир Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы.


"Төменде қымбат көліктердің қасында "Алма-групп" басшысы Жомат Ертаев жатыр, қасында "Тройка-Д-Банка" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков. Олар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды (тағы екі адам бар)", — делінген хабарламада.


Mash деректеріне сүйенсек, Ертаев Ресейде үш жылдан бері федералды іздеуде болған.


Арнайы операция Москва-Сити іскерлік орталығының аумағында жүргізіліпті: Ертаевтың көлігі мен соңынан ергендерді жол үстінде тоқтатқан.


Жомарт Ертаев 1990 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанның банктерінде басқарушы лауазымдарды иеленді. 2009 жылы бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнаманы бұзды деген күдікпен қамауға алынып, тоғыз айдан соң айыппұл төлеп, босап шыққан болатын.


Кейін бірнеше жыл "Алма ТВ" ЖШС кабельді телевидениесін басқарды. 2016 жылы күзде "Алма Групп" директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болды.


2017 жылдың мамырынан бері – "Тройка-Д Банк" АҚ (банктің 5% акциясы тиесілі) және "Волго-Окский коммерческий банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.


sputniknews.kz




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31