Қылмыс

Бас прокуратура Ермегияевтің VIP-камерада отырғанына қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik

    © Sputnik

ҚР Бас прокуратурасы заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев Талғат Ермегияевтің VIP-камерада отырғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Ермегияевтың тікелей VIP-камерасы болған жоқ, жай ғана өндірістік аймақта барлық жағдай жасалған кабинет жасақталған. Камерада отырғанда бір күн бойы оған жағдай жасалған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Екі адам жұмыстан шығарылды, 16-дан астам тұлға жазаланды. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан бойынша тексеріс жүргізу туралы нұсқау берілді. Қаңтар айында барлығын тексердік. Сол кезде тағы да заң бұзушылықтар анықталды. Біреуден телефон, кілем, тұрмыстық техника тәркіленді. Осы бойынша министрге ұсыныс енгізіліп, 26 адам жазаланды. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз, кезең-кезеңмен тексеріп тұрамыз", — деді Жақыпбаев.


Еске салып өтсек, өткен жылдың соңында жазасын өтеп жатқан Талғат Ермегияевке түрме басшысы мен орынбасары жағдай жасағаны белгілі болған еді. Ұлттық бюроның ақпаратынша, "Астана-ЭКСПО" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы ұялы телефон мен интернетті қолданып, ішімдік ішкен.


Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Лауазымды топ-менеджер "Экспо" халықаралық көрмесіне бюджеттен бөлінген миллиардтарды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.


 


 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.04.2018, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30