Қылмыс

Бердібек Сапарбаев: оқушылар орамалдарын тастап жатыр

  • Бердібек Сапарбаев: оқушылар орамалдарын тастап жатыр

    Бердібек Сапарбаев: оқушылар орамалдарын тастап жатыр

Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің орамал таққан оқушылардың ата-аналарына қатысты сауалдарына жауап берді.

Ақтөбе облысы басшысының айтуынша, орамал таққан оқушылардың әке-шешесі ата-ата құқықтарынан айырылмайды.


«Біріншіден, балалардың қандай киім кию керектігі ішкі ережелермен бекітіледі. Ата-аналар комитетімен мақұлданады. Өкінішке қарай, мектепке орамал тағып баратын оқушылар бар. Дегенмен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде, оқушылар орамалдарын тастап жатыр. Шамамен 340 оқушы орамал тағады екен. Қыркүйек айынан бері шамамен 24 оқушы орамалдарын тастады», — деді облыс басшысы.


Бердібек Сапарбаев бұл жағдай бойынша ата-ана құқынан айыру жөніндегі ұсынысқа қатысты Ақтөбеге оралған соң тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Осыған дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері мектепте қыздарының орамал тағуын талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылатынын мәлімдеген болатын. Облыс басшысы түсіндіру жұмыстары нәтижесінде оқушылар орамалдарын шешіп жатқанын мәлімдеді. 


Алаш айнасы




Көрілген: 218    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.11.2017, 16:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30