Қылмыс

Бишімбаев тергеу амалдарының әділетсіз жүргізілгенін айтты

  • Бишімбаев тергеу амалдарының әділетсіз жүргізілгенін айтты

    Бишімбаев тергеу амалдарының әділетсіз жүргізілгенін айтты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот залында өзіне қатысты айыптардың негізсіз екенін, тергеу амалдарының әділетсіз жүрзілгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«1 жыл бойы мен сотқа түсініктеме бермедім. Оның өз себебі бар. Қамауға алынғаннан бастап, барлық тергеу амалдары айыптау негізінде жүргізілді. Мен тергеушілердің біржақты пікір ұстанғанын байқадым. Кейбір күдіктілермен кездескен кезде видеоны қарасақ, олар еріксіз көздеріне жас алады. Мен оның себебін білемін. Тергеу барысындағы қысымнан және амалсыздықтан олар мені танымаса да, маған қарсы пікір айтуға мәжбүр болды. Бұл қысымды мен де сезіндім. Мені де адвокатсыз келіссөздерге бірнеше рет шақырды. Олар маған тағылған айыпты мойындамасам, толық жаза кесілетінін айтты», - дейді ол.


Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев өзіне не себепті айыптар тағылғанын түсіндірді.


«Маған неге көп жала жабылғанын да түсінемін. Әрбір тұтқында отырған азамат барлығына сене бастайды. Сонымен қатар, тергеушілер сотқа ықпал ете алатындарын айтты. Бұл былықтарды тоқтатыңыздар!» - деді экс-министр.


Сондай-ақ, бұрынғы шенеунік тергеу амалдарының әділетсіз жүргізілгенін тілге тиек етті.


«Ашығын айтқанда, тексерілмеген арыздардың негізінде мені ғана емес, еліміздің кез келген азаматына күйе жағып, жала жауып, сотқа тартылатынын мен осыған дейін ойлаған жоқпын. Сонымен қатар, бірде-бір мемлекеттік орган, прокуратура болған жағдайды объективті түрде тексергісі келмейді. Тергеу амалдары біржақты пікір негізінде жүргізілуіне байланысты мен түсініктемені сотта беремін деп шештім. Мұнда БАҚ өкілдері отыр. Мен объективті түсініктемелер сот залында айтылды деген ойдамын. Себебі, айыпталушылар өз пікірлерін, болған жағдайды, оның уақытын сотта өзгертіп жатты. Осында айтылып жатқан қылмысқа менің қатысым жоқ», - деп түйіндеді сөзін Қуандық Бишімбаев.


Айта кетейік, 31 қазан күні Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және аталған іске қатысы бар деп күдікке ілінген 22 азаматқа қатысты алдын ала сот тергеуі басталды. Бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің «Пара алу» - 366-бабы, 4-тармағына, сондай-ақ «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» - 189-баптың 4-бөлімі, 2-тармағына сәйкес айып тағылып отыр.


Осыған дейін Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Сейіт Рахманов пен Мәди Мырзағараев экс-министрге тағылып отырған айыптардың негізсіз екенін айтқан. Қорғаушылар тіпті Бишімбаев ісіндегі өрескел бұрмалаушылықтарды атап көрсеткен еді. Олардың айтуынша, Қуандық Бишімбаев соттың әділ өтетініне сенеді. Бұдан кейін сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатудан бас тартты. Бишімбаевтың коттеджі табылып, аталған зәулім үйді күзеткен куәгерден жауап алынған еді.


Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан сот отырысында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады.


Дәурен ЕРБОЛАТ




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 12:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30