Қылмыс

Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Айта кетейік, сотта прокурорлар Қуандық Бишімбаев "НҰХ "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы болып тұрғанда Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы кезінде ақша жымқырды деген болатын.


"Түрлі уақытта кейбір ақпараттық порталдарда мақалалар жарияланды. Онда Қызылорда облысындағы шыны зауыты бойынша журналистік тергеу жүргізген. Мақала мазмұнына нысан аумағында алынған сұхбаттар, суреттер мен видео жарияланды. Осының негізінде зауыт құрылысы кезінде ешқандай да заң бұзушылық болмағанын көруге болады. Зауыт штаттық жағдайда салынды. Құрылыс ЖШС құрылтайшысы мен бас директор ұсталғаннан кейін де тоқтаған жоқ", - дейді Бишімбаевтың әйелі оны ақтау мақсатында.


"ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын", - дейді Бишімбаевтың әйелі сот залында.


Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған.


Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталуда.

 




Көрілген: 334    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 14:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30