Қылмыс

Бишімбаевтың ісі бойынша аппеляциялық соттың шешімі шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша аппеляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды   ҚазАқпарат  тілшісі.


Аппеляциялық соттың шешімі бойынша Қуандық Бишімбаевқа 14 наурызда шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 мамырда Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы басталған болатын.


Ал, 14 наурыз күні Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға үкім шыққан болатын. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Бишімбаевті 2017 жылдың 10 қаңтарында ұстады. Бишімбаев Қызылорда қаласындағы әйнек зауытын салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деп айыпталды.


«Бишімбаевқа рақымшылық неліктен қолданылмады? Себебі, рақымшылық туралы заңға сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыс қатар тіркелген болса рақымшылық қолданылмайды», - деді шешімді оқыған судья Алма Есімова.


ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков Қ. Бишімбаев жазасын Астанадағы қауіпсіздігі жоғары бірден-бір мекеме - 166/10 түзеу колониясында өтейтінін мәлім етті. Оның айтуынша, сотталған бұрынғы министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді.


 




Көрілген: 1284    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31