Қылмыс

Бишімбаевтың ісі бойынша фигуранттар кім?

  • Тengrinews.kz

    Тengrinews.kz

Астананың мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы ұлттық экономика министрінен бөлек тағы 22 адамның ісі қаралып жатыр.


Сот отырысында олардың барлығы туралы мәліметтер айтылды:


Сұлтан Нұрлыбеков, Дәурен Ибрашев - "Orda Glass" ЖШС бұрынғы басқарма төрағалары


Жақсылык Исабек - "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС бұрынғы бас директоры,


Марат Қожабаев - "Шымкентхиммонтаж" бас директоры болып қызмет атқарған.


Ерлан Айталиев - соңғы қызметі - "Қазмұнайгаз" бір бөлімшесінде компаниясының бас директордың бірінші орынбасары.


Бахыт Жақсыбаев - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған


Аслан Жақыпов - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған


Бауржан Айтимбетов - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ бұрынғы департамент директоры


Дельрух Анарбай - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ басқарма директоры болған


Ғазиз Сариев - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ басқарма директоры болған


Сәдуақас Сапарамбетов - "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ дирекциясының бұрынғы директоры


Азиз Акрамов - Жұмыс орнын көрсетпеген.

Сонымен қатар, сот алдына мына адамдар келді:


Қанат Смағұлов, Бауыржан Есмұханов - "Астана ПК" ЖШС директоры қызметінде болған,


Арман Қамаров, Ернар Жұманазар, Сәбит Үтебалиев, Қайдар Қосжанов, Данияр Олжабеков, Уалихан Жұмабай - "Биным" ЖШС бас инженерлері,


Әділжан Акрамов - Таразда жеке нотариус қызметінде болған,


сонымен қатар Руслан Мқхтаров "Шаңырақ" ЖШС директорының орынбасары қызметінде болған.


Осыған дейін, судья Әділхан Шайхисламов Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша айып тағылғанын айтқан еді.


Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын.


"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.


8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді. Бұл іс бойынша тағы 20-дан астам адам фигурант ретінде сотқа шақыртылады, олардың арасында НҰХ "Бәйтерек" құрамына кіретін "Байтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның қызметкерлері барын айта кетейік.

 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 31.10.2017, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30