Қылмыс

БҚО-да екі қыз бен үш жасар баланы пышақтап өлтіру оқиғасының жаңа мән-жайы анықталды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған ауылында 5 қыркүйекте болған қанды оқиға бойынша жаңа деректер анықталды.


Еске салсақ, бұл күні ер адам 1994 жылғы екі қызды және үш жасар баланы пышақтап өлтірген еді. Жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы Әділет Камаловты полицейлер сол күні кеште ұстап, қамаған еді.


Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен және бұл істі қызғаныштан жасағанын айтқан. Ол өлтірілген баланың анасымен бірге тұрғысы келіпті, алайда келіншек қарсы болған.


Бастапқыда ер адам келіншектің құрбысын өлтірген, кейін балаға пышақ салған, осыдан кейін үйге кірген келіншекті де пышақтап тастаған. Ол әрбір құрбанына шамамен 20 рет пышақ салған да, кейін үйді өртеп жіберген.



Ал баланың әкесі Камалов бұл істеді дегенге сенбейтінін айтып отыр.


"Мұның алдында ұрлық жасағаны үшін сотты болған шығар, бірақ оның мұндай ауыр қылмысқа бармайтыны көрініп тұр. Оның үстіне, өзінің отбасы, балалары бар. Әке бола тұра, бөтеннің баласын осылай қалайша өлтіреді? Мұның алдында оны танымасам да, әйелім мен баламды және тағы бір қызды өлтірді дегенге сене алмаймын", - деп мәлімдеген Мереке Серікжан "Уральская неделя" басылымына берген сұхбатында.


Өлтірілген қыздардың бірінің ағасы оқиғаға әлі де сене алмайтынын айтқан.


Айтуынша, әлі де жиені Баянсұлу аман-есен тұрғандай болады екен. "Ол кімге кедергі жасапты? - дейді ер адам. - Қарапайым отбасыдан шыққан қарапайым қыз. Оралға Тасқала ауданынан көшіп келгенбіз. Баянсұлу өте пысық қыз еді, наубайханада жұмыс істейтін. Соңғы кездері күйеуі екеуі ұрысып қалып, соңғы бір жылда бөлек тұрып келген".


Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Екi немесе одан көп адамды өлтіру") бойынша іс қозғалды.


Күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Екі әйел мен баланың мәйіті 5 қыркүйекте Зашаған ауылының Южная көшесінің бойындағы жеке үйден табылған.


tengrinews.kz

 




Көрілген: 798    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30