Қылмыс

Бостандық ауданы жемқорлықпен күреске барын салуда

  • Бостандық ауданы жемқорлықпен күреске барын салуда

    Бостандық ауданы жемқорлықпен күреске барын салуда

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Алматы қалалық әкімдігі сыбайлас жемқорлықпен ұзақ мерзімді күреске арнайы бағдарлама арнаған.

Мәселен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі , сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстарға көңіл толады.

Алматы қаласының сегіз ауданында да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізілуде. Соның ішінде Алматы қаласына қарасты Бостандық ауданында осы аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында сыбайлас жемқорлыққа арнайы бөлім белгіленген. Онда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынамаға арналған құрылымдық бөлімдері бар. "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" тақырыптық баннер де орналастырылған. Мұндағы барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұрады.

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көшелерге баннер орнату жолға қойылған. Мәселен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша аудан аумағында билбордтар Сәтбаев көшесінде Орталық стадионға қарама-қарсы және Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында, Тимирязев көшесі Байзақов көшесінің қиылысында, Тимирязев пен Маркова көшелерінің қиылысында, Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысында, Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында орналастырылған. Әкімдік қызметкерлері де ұдайы жемқорлыққа қатысты пікірлерін, оның алдын алу бағытында ұсыныстарын ұдайы республикалық басылым беттерінде жариялап отырады.

Тағы бір атап өтерлік жайт, жыл басынан Бостандық ауданы аумағында ЖОО-ы мен ОАОО-да үш кездесу өтті: 21 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жастармен жұмыс тобының жиыны өтті.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ның әкімшілігі мен студенттері, барлығы 50 адам қатысты. Шараның басты мақсаты жастарды барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" атмосферасын жасауға тарту.

10 наурызда Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша колледж оқушыларымен жұмыс тобының кезекті жиыны өтті. Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж әкімшілігі, барлығы 25 адам қатысты. Аталған шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіруге, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптібелгілеу, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұруға тәрбиелеу болып табылады. 26 сәуірде «Тұран» университетінің конференц-залында тұрғындармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша жұмыс тобының жиыны өтті. Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ЖОО-ның әкімшілігі және аудан тұрғындары, барлығы 30 адам қатысты.


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі , сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша бүгінде Алматы қаласының Бостандық ауданында біршама жұмыстар атқарылуда. Өткізілген шаралар жөнінде Бостандық аудандық баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, қала тұрғындарының да ұдайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру маңызды болып отыр.

Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша аудан аумағында билбордтар Сәтбаев көшесінде Орталық стадионға қарама-қарсы және Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында, Тимирязев көшесі Байзақов көшесінің қиылысында, Тимирязев пен Маркова көшелерінің қиылысында, Сәтбаев пен Манас көшелерінің қиылысында, Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында орналастырылған. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мобильді ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, аудан тұрғындарымен кездесулер де өткізілуде. Ауданға қарасты Жоғары оқу орындарында да жемқорлықпен күрес мамандарымен кездесулер өткізілуде. Ондағы мақсат жастарды барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" атмосферасын жасауға тарту болатын.

"Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының ғимаратында өтетін қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі ұдайы қатысып, аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағыт бағдарына баға беріп отырады. жиынға қатысқан тұрғындарға да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттың жүзеге асырылуына ат салысу әр азаматтың міндеті екендігі жайында түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ ауданның барлық мектептерінде "Сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің мәселелері және шешу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстелдер өтуде. Оқу жылы бойы ұстаздар ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие: тәрбиеленушіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде жұмыс» атты тақырыптарында жиындар өткізілді. Сонымен қатар, «Тенңқұқықтылық деген не?», "Сыбайлас жемқорлық неге әкеліп соғады?", "Көмек үшін қалай дұрыс алғыс айту" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Жаңа оқу жылы басталысымен барлық аудан мектептерінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік атты тақырыптық сынып сағаттарын, дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр.


Еркенұр Ерзия


 


 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30