Қылмыс

Бойжеткеннің бетіне ыстық май шашқан маңғыстаулық азаматқа сот үкімі шықты

  • © КТК

    © КТК

Маңғыстау облысында 20 жастағы Сымбат Қозыбайдың үстіне ыстық май шашып жіберген 31 жастағы Қасым Жұмаханов екі жылға сотталды. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.


Одан бөлек сотталушы зардап шегушіге 1 373 645 теңгені моральдық және материалдық нұқсан үшін төлеуге міндеттелді.


Зардап шегуші тарап үкіммен келіспей отыр. Сымбаттың әпкесі Жаңагүл Естұрғанова сіңлісінің еміне бүгіннің өзінде бір миллионнан астам қаражат кеткенін және әлі де бірталай пластикалық от жасалу керектігін алға тартуда.


"Түрлі клиникаларға Сымбаттың суретін жібердім. Нәтижесінде отаға кемінде төрт миллионнан астам теңге қажет екенін анықтадым. Ондай ақша бізде жоқ. Ал оның отбасы көк тиын төлегісі келмейді. Олар алдымен кешірім алғылары келетіндерін айтып отыр", - дейді бойжеткен.


Ал Сымбаттың жақындары бойжеткеннің психикалық жағдайына алаңдауда. Беті, мойны, кеудесі, тіпті аяқ-қолына дейін күйіп қалған Сымбат сыртқа шығудан қалыпты.


"Ол ауырсынулардан бір орында тұра алмайды, тіпті тыныш ұйықтаудан қалды. Бұл жайтты еңсеру бізге оңайға соқпауда", - дейді Жаңагүл.


Еске салсақ, қайғылы жағдай өткен жылдың қарашасында болған. Сотталушы Сымбаттан тыйым салынған уақытта ішімдік сатуын талап етеді. Жоқ деген жауапқа ашуланған азамат бойжеткеннің үстіне бір қазан ыстық майды шашып жіберген.


Салдарынан бойжеткеннің денесінің үштен бірін күйік шалып, сотталушының үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалады. Кейін сотталушының ісін өзге бапқа ауыстырды. 


 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 19:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31