Қылмыс

Дәрігерлер әкесі өртеген 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берд

  • Дәрігерлер әкесі өртеген 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берд

    Дәрігерлер әкесі өртеген 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берд

Іле аудандық орталық аурухананың дәрігерлері Алматы облысы, Өтеген батыр ауданында болған өрттен кейін аман қалған 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол біздегі жансақтау бөлімінде тыныс алуға көмектесетін аппаратпен жатыр. Бас, бет, мойын, кеуде және тыныс алу жолдарының 90%-ын үшінші-төртінші дәрежелі термикалық күйік шалған. Барлық шара қолданылып, консервативтік ем түрі қолданылды. Бірнеше рет консилум болып, облыстық мамандарды тарттық», - дейді дәрігер.


Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада болған-ды. Осында 1971 жылы туған әйел бір қыз және бір ұлымен тұрған. Түнге қарай оның осы аудандағы Байсерке ауылында тұратын бұрынғы күйеуі Рашид Махметов келген. Біраз уақыттан соң бөлмеден өрт шыққан.


Мәліметтер бойынша, ер адам бензинді өзінің үстіне шашып, сосын от қойған. Әйел басында қашып шыққан. Бірақ іштегілерді құтқару үшін қайтадан жүгіріп кірген. Ол 1999 жылы туған қызын алып шыққан. Өрт салдарынан ер адамның өзі және оның 2005 жылы туған ұлы сол жерде қайтыс болды. Денесінің басым бөлігі күйген қыз ауруханаға жеткізілген.


Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бап, 2-тармағы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Мұнымен қатар, алапат өрттен кейін 18 жастағы қыздың аман қалғаны белгілі болды.




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.12.2017, 15:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30