Қылмыс

Даулы видеоның авторы Бессонов қылмыстық жауапкершілікке тартылады - ҚР ІІМ

  • Даулы видеоның авторы Бессонов қылмыстық жауапкершілікке тартылады - ҚР ІІМ

    Даулы видеоның авторы Бессонов қылмыстық жауапкершілікке тартылады - ҚР ІІМ

Пермь қаласында тұратын видеоблогер Алексей Бессоновтың Қазақстанға Ресей әскерін кіргізу керек деген Әлеуметтік желіде жарияланған видеосында ҚР Қылмыстық кодексінің заңнамасын бұзғаны анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берді.


"Қазіргі уақытта Алексей Бессоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы ("Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насиxаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту") бойынша айып тағылады, сонымен қатар Қылмыстық процессуалдық кодексінің қылмыстық қудалау шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады", - деді ІІМ өкілдері.


Таяуда ҰҚК осы іске қатысты тексеріс жүріп жатқанын xабарлаған еді.


"ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей федерациясының азаматы Алексей Бессоновтың видеосы тіркеуге алынды. Тексеру шаралары ұйымдастырылып жатыр", - деді ведомстводағылар.


Айта кетейік, Алексей Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын. Көпшілік блогерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды шақырған.




Көрілген: 251    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30