Қылмыс

Денис Тен өлімі: Күдіктінің пышақ сатып алған сәті видеоға түсіп қалған

  • Денис Тен өлімі: Күдіктінің пышақ сатып алған сәті видеоға түсіп қалған

    Денис Тен өлімі: Күдіктінің пышақ сатып алған сәті видеоға түсіп қалған

 Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан соттың кезекті отырысында қаладағы дүкендердің бірінде қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқаратын Арман Шәріпов те куәлік берді. Ол күдікті Арман Құдайбергеннің шілденің 17-нен 18-не қараған түні пышақ сатып алғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қауіпсіздік қызметкерінің айтуынша, құқық қорғау органдары дүкеннен штрих-кодпен сатылатын пышақтар туралы ақпарат сұраған.


"Біздің нысан толықтай бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Біз барлығын тексеріп, қандай пышақ сатылғанын анықтадық. Сол кезде мен видеодан Арман Құдайбергенді таныдым. Оның белгісіз көлікпен келгенін көрдім. Ол Mazda маркалы көлік болуы мүмкін.

Артынша автокөліктен үш адам түсті. Бір қыз бен жігіт көлік тұрағында қалса, Арман ас үй құралдары сатылатын бөлімге кіріп кетті. Ол 5-7 минуттың ішінде 10 сантиметрлік пышақты алып, қолғап сатылатын бөлімге өтті. Ал ол жақтан мақта-маталы қолғап алды. Кассада ол пышақ, қолғап және сағыз үшін ақша төледі", - деді Шәріпов.

Айта кетейік, бүгін Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.


Онда оқиға орнына бірінші болып жеткен полицей не көргенін баяндап берді.


Ал күдікті Нұралы Қиясовтың ағасы сотта куәлік беруден бас тартты.


Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 19:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 20:38
    Алматыда атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31