Қылмыс

Денис Теннің өліміне қатысты іс: күдікті әйелге қандай айып тағылды

  • © Sputnik / Anar Mustafayev

    © Sputnik / Anar Mustafayev

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үш адамға айып тағылып отыр. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйелге қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айып тағылды. Іс жақын арада, қыркүйектің соңына дейін сотқа жіберіледі", — деді министр ОКҚ-де өткен брифингте.


Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады.


Үш литр қан жоғалтқан спортшы кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды.


Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін ұсталды.


 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30