Қылмыс

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы заңгері қызды тапаншамен қорқытып, зорламақ болған

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ақмола облысы денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы заңгері қызды зорлауға әрекет жасап, өлтірмек болғаны үшін сотталды.


Тергеу мәліметінше, 2013 жылы Көкшетауда түнгі клубтан шыққан екі қыздың соңынан көлікпен аңдып, біреуін травматикалық тапаншамен қорқытып, зорламақ болған. Қыз әрең дегенде құтылған.


2016 жылы ер адам қызды моншаға апарып, сол жерде зорламақ болады. Жәбірленуші администраторды шақырып, қашып кетеді де, болған жайтты туысына айтып береді. Ал ол күдіктіні телефон арқылы кездесуге шақырған. Күдікті мемлекеттік нөмірін шешіп, көлікпен келеді, травматикалық тапаншамен жәбірленуші азаматты басынан атады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қашықтықта адамның өліп кетуі де мүмкін.


Тергеу бірнеше рет тоқтатылған, алайда жәбірленушілердің шағымы мен Бас прокуратураның наразылығына сәйкес тергеу соңына дейін жеткізілді. Анықталғандай, күдікті бұдан бұрын да біреудің үйіне басып кіріп, зорлауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ ол кезде екі жақтың бітімге келуіне байланысты, іс тоқтатылыпты.

Ақмола мамандандырылған ауданаралық соты отыз жастағы ер адамды он бір жылға соттады.


Sputnik




 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31