Қылмыс

Диплом жұмысын жазып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

  • Диплом жұмысын жазып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

    Диплом жұмысын жазып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Көкшетау полициясы диплом жұмыстарымен байланысты алаяқтық әрекет жасаған күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Әйел адам танымал жарнама сайтына тіркеліп, «диплом және курс жұмыстарын жазамын» деп қызметін ұсынған. Биылғы жылдың ақпан айында жергілікті тұрғын алаяқтық әрекет жасалғанын айтып, полицияға арыз жазған. Жәбірленушінің айтуынша, ол «диплом жұмыстарын жазамын» деген хабарламаны жарнама сайттарының бірінен тауып алған. Хабарламада көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, автормен сөйлескен. Ол әйелдің шарттарымен келісіп, диплом жұмысына қойылатын талаптарды атаған. Ал, әйел диплом жұмысы үшін 25 мың теңге сомасындағы төлемді алдын ала сұраған. Ештеңеден күмәнданбаған жәбірленуші аталған соманы оған аударған. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысқа шықпай қойған», - деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


Департамент мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ай бойы жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Соның нәтижесінде алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен 38 жастағы Көкшетау тұрғынын ұстады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 1 тармағы, «алаяқтық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні полицейлер күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен басқа да жәбірленушілерді іздестіріп жатыр.


«Жәбірленушілер болса, криминалдық полиция басқармасының 72-32-96 телефонына хабарлассын», - дейді ІІД.


Атап өтсек, құқық қорғаушылар байтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу әрі ақша аудармау керектігін еске салады.




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 23:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31