Қылмыс

Екі жезөкшені жалдамалы пәтеріне апарған неміс азаматы ажал құшты

  • © shahty.ru

    © shahty.ru

Қарағандыда Германия азаматы көз жұмды. Оның жансыз денесі өзінің жалға алып тұрып жүрген пәтерінен табылды, деп хабарлайды kriminalka.kz.


Марқұм неміс Қарағандыға жұмыс бабымен келген екен. Қонақ үйдің орнына бір пәтерді жалдап тұрыпты.


Бірде кешкісін Берхард Рихтер досы Конрад Вебермен бірге кафеге барып, онда екі қызбен танысқан екен. Сыртынан қалталы адамдар сияқты көрінген екі шетелдіктің үстеліне қыздар өздері келіпті.


Ішіп-жегеннен кейін Вебер кетіп қалып, Рихтер екі қызды үйіне шақырады. Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайымен танысып үлгерген 52 жастағы неміс ол қыздардың жезөкше екенін білген екен. Сол себепті өзінің пиғылы мен төлейтін ақшасын бірден айтыпты оларға.


Ұсталған қыздар мойындағандай, бірі душқа кіргенде екіншісі неміс ішіп отырған сыраға клозапин деген дәрі қосып тастапты. Сөйтіп оны ұйықтатып тастап, үйін тонап кетпек болған.


Бірақ кейін патологоанатомдар түсіндіргендей, ағзасында алкоголь мен клозапин араласып кеткен ер адам бірден көз жұмған.


Рихтер «қылжия» салысымен, қыздар үйдегі бар құнды затты жиып-теріп тайып тұрыпты. 


kaz.365info.kz




Көрілген: 2099    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31