Қылмыс

Электронды сот заман талабы!

  • Электронды сот заман талабы!

    Электронды сот заман талабы!

Қазіргі таңда электронды үкімет құру мемлекеттің аса маңызды тапсырмаларының бірі болып отыр. Осыған орай сот жүйесі де биліктің бір тармағы ретінде электронды құжат айналымын енгізу арқылы электронды сот ісін жүргізуге біртіндеп көшуге бет бұрды.

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Мысалы, қазірдің өзінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, арызды беру және тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот бұйрығын орындауға жолдауға дейінгі азаматтық істердің жаңа тәртіпте қаралуы қағазбастылықты қысқартуға, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Электронды сот төрелігін дамытудың негізгі бағыты 100 нақты қадам Ұлт жоспарында және Елбасының Cудьялардың жетінші съезінде айтылған болатын. Электронды сот өндірісін іске қосудың негізгі мақсаты тұрғындардың сотпен байланысын жеңілдету, олардың өздеріне қолайлы кез келген уақытта сот төрелігіне жүгінуіне жағдай туғызу, сот үрдісінің ашық, айқын жүзеге асып, заң үстемдігін орнату екені белгілі. Еліміздің сот жүйесінде ақпараттық технологияның қолданылуы 2006 жылы басталыпты. Негізгі жүйе «Төрелік» 2016 жылдан бері қолданылып келеді. Басты электронды қызмет «Сот кабинетіне» шоғырландырылған. Оған отыздан астам қызмет түрі енгізілген. Бүгінде осы жоба аясында электронды сот төрелігі мен электронды сот өндірісі одан әрі дамытылуда.

Бүгінде сот қызметінің ажырамас бөлігіне айналған дыбыс және бейне тіркеудің іске қосылуы электронды сот кабинетінің тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түсті. Қазіргі таңда еліміздегі 1418 сот залы осынау заманауи жүйемен толық қамтамасыз етіліпті. Сот отырыстарының 98 пайызына осы құрылғы қолданылады.

Мемлекетіміз үшін алдағы меже – дамыған отыздықтың сапына ену. Бұл тұрғыда қай салада болмасын тың серпін бар. Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде.Яғни сот жүйесін дамытуда осындай үдерісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу біз үшін де және ел үшін де аса қажеттілік деп есептейміз.

Жайық Жанболатов

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы


 




Көрілген: 1154    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30