Қылмыс

Елімізде түрмеде отырған әйелдердің көпшілігі өз күйеулерін өлтірген болып шықты

  • Көрнекі фото: Comode.kz

    Көрнекі фото: Comode.kz

Бүгінде абақтыда отырған әйелдердің қарасы азаяр емес. Темір тордың ар жағындағы нәзік жандылардың қандықол қылмыскер атану себебін Comode.kz сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.


Жауғашты – Алматы облысындағы жалғыз әйелдер колониясы.


Колонияда 500-ден астам қыз-келіншек жазасын өтеп жатыр. Жазасын өтеушілердің ең кішісі - 18 жаста, ал ең үлкені - 81 жаста.

Тергеушілердің айтуынша, адам өлтіру қылмысы бойынша әйелдер мен жасөспірімдер ең қатыгез болып келеді.


"Ең қатыгез қылмыскерлер көбінесе әйел адамдар мен жасөспірімдер. Ол адамның психикасы, эмоциясмына тікелей қатысты.

Мәселен, жапа шегушінің денесінде көптеген пышақ іздері болса, қылмысқа әйел адамның қатысы бары сөзсіз. Себебі, олар өзіне жәбір көрсеткен адамнан кегін солай алады.


Түрмеде отырған әйелдердің басым көпшілігі күйеулерін өлтірген", - деді майор Болат Аманов.

Қыз-келіншектердің күйеулерін өлтіру себебі әр түрлі: біріншіден – қызғаныш, екіншіден – қасақана түрде, үшіншіден – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану кезінде. Ал қылмыстардың көбісі ас үй пышағы, балта немесе темір табамен жасалған.




Көрілген: 1304    Пікірлер: 0

жұма, 17.08.2018, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31