Қылмыс

Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Германиядан экстрадицияланған.


«Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде. 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд теңгені және 83 млн АҚШ долларын құрайды», делінген хабарламада.


Бақыт Ибрагим қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.


Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі уақытта Б.Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.


 


 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30