Қылмыс

Храпуновтардың қандай мүлкі тәркіленеді?

  • Виктор және Лейла Храпуновтар. Фото: Facebook

    Виктор және Лейла Храпуновтар. Фото: Facebook

Ұзақ жылға сотталған Виктор және Лейла Храпуновтар пен олардың туысы Айяр Ильясовтың мүлкі тәркіленетін болды. Виктор Храпунов Алматы әкімі қызметінде болған кезде ұрланған барлық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылмақ деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бұрынғы шенеунік оңтүстік шаһарды басқарып тұрғанда едәуір мүлікке иелік етіп үлгерген.


Мәселен Алматы территориясында олардың меншігінде 5 жер телімі, жеке үй, "Эдельвейс" коттеждер қалашығындағы вилла, шамамен 10 пәтер, Самал ықшамауданында 3 көлік тұрағы мен әл-Фараби даңғылының бойында 16 гараж болған.


Сот бұлардың барлығын тәркілеуге шешім шығарды.


Бұдан бөлек Храпуновтарға тиесілі Өскемендегі 4 жер телімі мен кеңселік үй-жайлар, ШҚО-ның Көкпекті ауданындағы 3 жер телімі мен Алматы облысындағы 3 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.


Аталмыш мүліктен бөлек, ерлі-зайыпты Храпуновтардың шотындағы барлық қаржы тәркіленбек.


Еске сала кетейік, бүгін Алматыда "Храпунов ісіне" нүкте қойылды. Оңтүстік шаһардың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 17 жылғы, оның жары 14 жылға бас бостандығынан айырылды. 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31