Қылмыс

Храпуновтың бұрынғы орынбасары қылмыстық істі тоқтатуды өтінді

  • Храпуновтың бұрынғы орынбасары қылмыстық істі тоқтатуды өтінді

    Храпуновтың бұрынғы орынбасары қылмыстық істі тоқтатуды өтінді

Алматыда өтіп жатқан Храпуновтың ісі бойынша сотталушылар сот алдындағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Лейла мен Виктор Храпуновтардың ісі бойынша сот шешуші сәтіне жетіп қалды. Соңғы сөз де негізгі сотталушылардың қатысуынсыз айтылды.


Ал қалған 9 сотталушы істеген істеріне өкінетіндерін айтты.


«Құрметті сот, мен айтқан эпизодтар бойынша өз қылмысымды толығымен мойындаймын. Мен бастығым Виктор Храпуновтың бұйрығымен әрекет еткенімді ескеруіңізді сұраймын. Жерді пайдалану бойынша мыңдаған іс жасалды. Қателіктер кетті. Оған өкінемін. Қылмыстық істі доғаруыңызды сұраймын», - деді Яков Заяц.


71 жастағы сотталушы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа тартылған болатын.


Басқа да сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Абай Сапаров, Серік Есмұханов, Айнагүл Садықбаева, Әбдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтар да өз істеріне өкінетіндерін айтты.


Мұның алдында мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, оның әйелі Лейла Храпунованы 17 жылға, Айяр Ілиясовті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.


Айта кету керек, ерлі-зайыпты Храпуновтарға «мемлекет мүлкін жымқырды, алаяқтық жасады, лауазымын асыра пайдаланды, пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағылды. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн долларға бағаланды.


 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31