Қылмыс

Жамбыл облысында ұлынан айрылған ана Ішкі Істер министрінен араша сұрады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Жамбыл облысында бауыр еті баласынан айырылған ата-ана ұлын өлтіргендерді полицейлер құрықтауға құлықсыз деп айыптауда. Олардың сөзіне сенсек, 31 жастағы азаматты айуандықпен жазым қылғандардың тек біреуі ғана қамалып, өзгелері қаперге алынбаған. Енді марқұмның жақындары оны топ болып пышақтағандардың түгелдей жауапқа тартылуын талап етіп министірлікке арыз жазбақ.


Дәурен Құралбаев асқан айуандықпен өлтірілген. Оның денесі онға жуық жерден орақпен орылып, пышақпен тілініпті. Сөйтіп қаскөйлер марқұмды қансыраған күйде дәріхана маңына тастап кеткен.


Райхан Жолдыбаева, Д.Құралбаевтың жары:


- Өте терең орақпен орып тастаған. Орақпен басын, құлағын, мойнын, жамбасын кескілеп тастаған. Тереңдігі 20 см. Екі литр қан құйды. Оны ағзасы қабылдамады.


Дәурен сол алған жарақатынан жансақтау бөлімінде жатып жан тапсырды. Жарының айтуынша, ол таныстарының қолынан қаза тапқан. Оны достарымен үйге алдап шақырып, қақпанға түсірген дейді. Дастархан басында жанжал туындап қарудан оқ атылған. Сол сәтте марқұмның серіктері сытылып кетіп, өзі ұсталып қалыпты. Ал айуандықты бір топ жігіт жасағанымен әзірге біреуі ғана қамауда.


Сәрсенкүл Қамшыбаева, Д.Құралбаевтың анасы:


- Бір-ақ бала жатыр. Басында Нұрсұлтан деген бала отырған. Кейін інісін әкеп жатқызды. Бір-ақ бала жатыр қазір. Қалған 7-8 бала жан-жақта қашып жүр. Ал полицейлер сол балалардың сөзін сөйлеп, соларды жақтап отыр.


Қара жамылған отбасы марқұмды полицейлер мазақ қылды дейді. Яғни оның қансыраған күйін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда тәртіп сақшылары мұны жоққа шығаруда. Әрі тергеу ісі әділетті дейді.


Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:


- 1997 жылы туылған күдіктіге қатысты ҚР ҚК –ның 106-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) мен 293 –бабы 3-бөлімі 2-тармағымен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.)


Тек жалғыз күдіктінің қамалғанына наразылық танытқандар кінәлілерді жаппай жазаға тартқызу үшін ішкі істер министрлігіне арыз жазбақ. Ал марқұмның артында жары мен үш баласы қалды.


 ktk.kz




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31