Қылмыс

Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңалығы қандай?

  • Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңалығы қандай?

    Жаңа әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңалығы қандай?

Жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің іске асуымен Қазақстанда келесі бағыттағы әкімшілік заңнамалар реформаланады.


Бірінші. Гуманизация, шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Кодекс жобасында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл мөлшері орта есеппен екі есе төмендетілді. Жазаға деген осындай көзқарас салынатын әкімшілік жазаның мөлшерін сақтауды қамтамасыз етеді. Мысалы, бір айыппұлдың кішкентай газет сататын дүңгіршектегі кәсіпкерге де, ірі дүкен иесіне де бірдей салынуы сияқты кереғарлықтың алдын алады. Сонымен қатар ескерту жасау жазасы кеңейтілді.


Екінші. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдардың құзыреті қайта қаралды. Сот саласы қарап келген кейбір санкциялар, айыппұл түрінде қарастырылған әкімшілік жазалар уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.


Үшінші. Әкімшілік жауаптылыққа тарту үрдісі жаңғыртылды. Жауаптылыққа тартылған тұлға хаттамада көрсетілген құқықбұзушылықпен келісіп, кінәсін мойындап, айыппұлды өз еркімен төлесе әкімшілік құқықбұзушылық өндірісі қысқартылады. Егер тұлға құқықбұзушылық фактісімен келіспеген жағдайда, іс жалпы тәртіпте қаралады. Қысқартылған тәртіптегі өндірісте ынталандыру механизмі қарастырылған. Соған сай, әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын алған тұлға жеті күн ішінде айыппұлдың жалпы сомасының 50 пайызын ғана төлейді. Бұған қоса, өндірісті қысқарту негізінде кодексте төмендетілген шектеулер алынып тасталды және нақты анықталған айыппұл мөлшері белгіленді. Жаңа кодексте құзырлы органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тарауы айтарлықтай сәтті жасалған. Ескі заңнамада бұл мәселе назардан тыс қалған еді. Тағы бір маңызды өзгеріс, заңды күшіне енген әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыға жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау институты енгізілді. Бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын толық қорғауға кепіл бола алады. Сондай-ақ, сот пен құзырлы орган жеңілдетілген мән жайларды ескере отырып жеке тұлғаға салынған айыппұл сомасын 30 пайызға дейін қысқарта алады.


Алаш айнасы




 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 22:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30