Қылмыс

Жас жігіт серуендеп жүрген қызды буындырып, сөмкесін алып кеткен

  • Көрнекі сурет. © tayniymir.com

    Көрнекі сурет. © tayniymir.com

Шымкентте ішімдікке тойып алған жас жігіт саябақта серуендеп жүрген бойжеткенді буындырып, көпшіліктің көзінше сөмкесін тартып алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Көпшіліктің көзінше бейтаныс ер адамнан зардап шеккен қызға, саябаққа келушілердің бірі де көмектеспеген.


Анықталғандай, күдікті сол күні мас күйінде саябақта жәбірленушіні көріп күш қолданып, сөмкесін тартып алған. Ал сөмкеде жиырма мың теңге болған.


Алайда арам ойын іске асыра алмаған жігітті полицейлер ұзаққа бармай ұстап алды. Бойжеткенге көпшіліктің көзінше күш көрсетіп, тонамақ болған азамат қазір қамауда.


"Келтірілген шығын көлемі шамамен 20 мың теңгедей болып отыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің Ақтөбе облысындағы қылмыстық іске қатысы барын анықтады. Күдікті қамауда. Айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша іс қозғалды", - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.


Осылайша, жиырма мың теңге үшін қарақшылыққа барған жас жігіт қазір абақтыда отыр. Егер кінәсі толық дәлелденсе, ұзақ жылдар бойы түрмеге қамалмақ. 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31