Қылмыс

Желіде ұлттар арасына іріткі салып, қазақтарға тіл тигізген Петропавл тұрғыны екі жылға сотталды

  • © AFP / SAUL LOEB

    © AFP / SAUL LOEB

Петропавлда ер адам әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.


Полиция мәліметінше, әлеуметтік желі мониторингі кезінде СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бойынша басқарма қызметкерлері Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны тарапынан ұлтаралық араздықты тудыру әрекетін анықтаған.


"Қала тұрғыны "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі жазбаларында азаматтарды ұлтына қарай бір-біріне айдап салып, қазақтарға тіл тигізген, тарихи деректерді бұрмалап көрсеткен", — деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі.


Сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіп, ұлтаралық араздықты тудыру белгілерін анықтады.


Айыпталушы сотта кінәсін толығымен мойындап, өзге ұлт өкілдерінің намысына тигені үшін өкінген. Петропавл қалалық соты оны екі жылға соттады.


Sputnik


 




 




Көрілген: 169    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 10:15

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30