Қылмыс

Жемқорларға берілетін жаза лайық па?

  • Жемқорларға берілетін жаза лайық па?

    Жемқорларға берілетін жаза лайық па?

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар қандай заңнамалармен реттеледі? Жалпы, жемқорларға берілетін жаза қандай?

Дияс Кертай

Алматы қаласы


Сыбайлас жемқорлықпен күресуге ҚР Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы бастапқы негіз болды. Елімізде ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдар қабылданып, сыбайлас жемқорлықпенкүрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрылды. Ал, 2005 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бекітілген болатын. Алайда, жасалған шараларға қарамастан елдегі жемқорлықтың деңгейі төмендемей тұр. Сондықтан, Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» бекітілді. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлықты барынша азайту үшін заң талаптарын қатайту және оны болдырмаудың алғышарттары жан-жақты қарастырылды. Мұнымен қоса, 2015 жылы қолданысқа енгізілген жаңа қылмыстық, Әкімшілік

құқықбұзушылық туралы кодексте қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың арасы ажыратылып, жаза тағайындауда жаңа өзгерістер орын алды. Қылмыстық кодекстің 15-тарауы «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар» болып өзгерді. Осы тараудағы қылмыстарды жасаған лауазымды адамның мүлкі тәркіленіп, сол лауазымынан өмір бойына айырылады және қылмыстың ауырлық деңгейіне қарай параның елу, жетпіс, сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұлдар салынады. Ал, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 34-тарауында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар сараланған. Онда, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алғаны, заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін және заңсыз кірістер алғаны үшін әкімшілік жауаптылықтар қарастрылып, негізгі жаза айыппұлдың мөлшері өскен.

А.Шайхиев,

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала аудандық сотының бас маманы 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 19:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30