Қылмыс

Жемқорлық туралы ақпаратпен бөліскендерге сыйақы беріле ме?

  • Жемқорлық туралы ақпаратпен бөліскендерге сыйақы беріле ме?

    Жемқорлық туралы ақпаратпен бөліскендерге сыйақы беріле ме?

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратпен бөліскендерге арнайы ақша берілетінін естіп едім. Осы қаншалықты рас?

Тілектес БАҒБАНҰЛЫ

АЛМАТЫ


Сыбайлас жемқорлық сияқты індетті тек құзырлы орындардың күшімен жеңу мүмкін емес. Бұл іске қоғам түгел атсалысқанда қорытынды көңілден шығары анық. Осыған орай, жемқорлық деректерімен бөліскен, олқылықты ашып

айтқан азаматтарды ынталандыру қажеттігі күн тәртібіне қойылған болатын. Үкіметтің 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы» қаулысы бекітілген еді. Жемқорлықты жоюда белсенділік танытқан азаматтарға төленетін ақы құқықбұзушылықтың залал көлеміне қарай тағайындалады. Мәселен, біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Қаржылай сыйақы берілген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне еніп;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылса ғана жүзеге асырылады.

О.БАЙНАЗАРОВ,

Алматы қалалық Әділет департаменті жылжымайтын

мүлікке құқықты тіркеу бөлімінің қызметкері 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 21:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31