Жемқорлыққа қатысты ішкі талдау жүргізілді

Жемқорлыққа қатысты ішкі талдау жүргізілді

Алматы қаласы Бостандық ауданында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баға берілді. Бұл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес атқарылып отыр.
Талдау нәтижесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Есептік кезеңде, Бостандық ауданы әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы 7 шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 256 өкiмдер шығарылған. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтетіні белгілі болды. Бостандық ауданы әкімінің аппаратында 2016 жылдың 12 айында 10 қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Жұмыстан босау себебі, еңбекақының аздығымен және басқа жұмыс орнына ауысымен байланыстырады. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болмаған. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алмағаны белгілі болып отыр. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылған. Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 5 ескерту келіп түскен және ескертулер назарға алынып, кемшіліктер жойылған. Сонымен қатар Алматы қаласы прокуратурасынан 11 ұсынысы келіп түскен. Соған сай аталған ұсыныстар назарға алынып, кемшіліктер жойылған. Бостандық ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес он мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді. АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет түрі – 18128, оның 13510 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 1639, АХАТ бөлімімен тікелей - 2979 қызмет түрі көрсетілген. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. 2016 жылдың 12 айында 1013 өтініш қабылданып, 2 - өтініш қайтарылған, соның ішінде: 40 - «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», 2 - «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», 6 - «Спорт төрешісі», 237 - «ІІ-разрядты спортшы», 212 - «ІІІ-разрядты спортшы», 171 - «І-жасөспірімдік-разрядты спортшы», 287 - «ІІ-жасөспірімдік-разрядты спортшы», 58 - «ІІІ-жасөспірімдік-разрядты спортшы», деген атақ берілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.

Қуаныш Ермекова 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста