Қылмыс

Жемқорлықпен күресуі тиіс шенеунік аса ірі көлемде парамен ұсталды

  • © kavkazplus.com

    © kavkazplus.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановты пара алып жатқан жерінен ұстады деп хабарлайды pavon.kz.


Сонымен қатар, осы департаменттің Тергеу басқармасын басқаратын Азамат Бейсембаев пен жедел уәкіл Д.Мағзұмов та ұсталған. Олар бірігіп 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда.


Күдікті үш шенеуніктің үйін және жұмыс орындарын тінтіген Бюро қызметкерлері айғақ заттарды тәркілеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Үшеуінің үстінен де аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.


Айта кетейік, шенеуніктер параны Екібастұзда көмір өндірісімен айналысатын "Заман" компаниясының басшысы Абгушиновтан алған.


 sn.kz




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.09.2018, 15:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31