Қылмыс

Жеңіл жүрісті қыз клиенттің қолынан қаза тапты

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Рудный балалар үйі тәрбиеленушісінің қысқа өмірі трагедиялық жағдаймен аяқталды. Ол үш рет істі болған қылмыскер қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Қайтыс болған 22 жастағы қыздың апасының өтініші бойынша мамандандырылған сотта қылмыстық іс бойынша процесс жабық режимде өтті. Оның немересі «шақырту бойынша жұмыс істейтін қыз» болған.


Жеңіл жүрісті қыздың кезекті клиенті пластикалық терезе монтаждаушы жігіт болды. Жеңіл жүрісті қыз оған ұнап қалып, олар жиі кездесе бастаған. Ақыры ол қызға айналысып жүрген жұмысын тастауын сұрап, апта сайын 15 мың теңге беріп тұратынын айтқан.


Өткен жылдың 27 қарашасында жігіт қыз жалдап тұрып жатқан пәтерге келеді. Есіктен кірер кезде пәтерден шығып бара жатқан басқа ер адамды көреді. Бойжеткен оған ер адам кран мен балкон есігін жөндеуге келгенін түсіндірмек болады, бірақ ол бұл сөзге сенбейді. Екеуі жанжалдасып қалып, бойын қызғаныш билеген жігіт қызды төсек жаймасымен тұншықтырып, кетіп қалады. Бойжеткеннің мәйітін құрбысы тауып алған.


Сот отырысында жігіт кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімі бойынша ол бұрынғы қылмысын қайталап жасаушы деп танылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіптілік деңгейі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ, қаза тапқан қыздың апасына бір жарым миллион моральды шығын өтеуі тиіс.




 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31