Қылмыс

Жетісу ауданы жемқорлықпен күрес шараларынан тыс қалмайды

  • Жетісу ауданы жемқорлықпен күрес шараларынан тыс қалмайды

    Жетісу ауданы жемқорлықпен күрес шараларынан тыс қалмайды

Жемқорлық – қазіргі кезде әлемнің барлық елінде бар әлеуметтік құбылыс. Яғни, жемқорлықпен күрес дегеніміз – қоғамға қауіпті дертке қарсы әрекеттер. Қазіргі заманда жемқорлықпен күрес үздіксіз жүріп жатыр және уақыт өткен сайын нәтижелі бола түсті. Әлемде жемқорлықпен күрестің белгілі бір механизимі жоқ. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Талғат Разаковтың айтуынша, Жемқорлықпен күрестің әдістері тек саяси, экономикалық тұрақтылыққа ғана байланысты емес, елдің салт-дәстүріне де, діни ерекшелігіне де, құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып жатқан территориясына, халық санына да байланысты.


Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Талғат Разаков, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі:
«Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай аламыз. Өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Халыққа Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жемқорлықтың тек құқық бұзушылық қана емес, мемлекетке деген сенімді азайтатын құбылыс және ұлттық қауіпсіздіккке нұсқан келтіретін жайт екенін айтқан болатын. Мемелкеттік қызмет сапасын көтеру жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттың күш біріктіруі маңызды».


Осы орайда Жетісу ауданы әкімдігі Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде әр тоқсан сайын «Нұр Отан» партиясымен «Жемқорлық туралы Заңның» орындалуына қатысты жиын өткізіп, ауданның құқық қорғау органдары халыққа жемқорлықпен күрестің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені жемқорлықпен күреске әрбір азамат үлес қосуы керек.


Жыл басынан бері Жетісу ауданында «Кәсібиліктің жаңа старндарттары» деген дөңгелек үстел ұйымдастырылды және Ауданның Ішкі істер қызметкерлерінің және учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы семтнар өтті. Жақында Мемлекеттік істер департаменті өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет – өмірімнің мәні» және «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» деген тақврыптарда дөңгелек үстелдер өтті. Шараға ҚР Мемелкеттік істер министрлігі департаментінің қызметкерлері, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік істер министрлігі департаментінің Жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық басқармасы өкілдері, Жетісу аудандық сотының төрағасы, прокуратура қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Жетісу ауданындағы бөлімшесінің қызметкерлері және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Жоғарыда аталған кешенді жұмыстарға аудан тұрғындары тікелей атсалысады. Әкімдікте тұрғындардың жемқорлықпен күрес мәселесіне үлес қосуы үшіг арнайы қойылған сенім тиелефондары жұмыс істейді. Әкімдіктегілердің айтуынша, бүгінде халықтың жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті жоғарылап келеді.





Көрілген: 596    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 18.10.2017, 11:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30