Қылмыс

Жүкті әйелдер мемлекеттен 6 млн теңге жымқырды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру саласында мемлекет қаражатын жымқырудың кезекті фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл жолғы қылмыс жүктілік пен босануға байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерге қатысты.


Мемлекет қазынасынан 6 млн 162 мың теңгені жымқырған қылмыстық топ әйелдерден құралған. Атап айтқанда, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалының қызметкерлері және дара кәсіпкер бірігіп әрекет еткен.


Қор өкілдері - Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық төлеу орталығының қызметкерлері Д.Б. мен А.А. 2016 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қызылорда қаласында тұратын жұмыс істемейтін он жүкті әйелді тауып, оларға қажетті құжаттарды жинақтаған. Ал кәсіпкер А.С. өзінің және күйеуінің атына тіркелген «Смагулова» және «Тажбенбетов» жеке кәсіпкерліктерінен ол әйелдерге жалдамалы жұмысшысы ретінде әлеуметтік төлемдер «аударып отырған». Мұқият дайындалған келісім бойынша, жеке кәсіпкердің өткізген жалған құжаттары негізінде, қор қызметкерлері еш кедергісіз жәрдемақы тағайындау туралы шешім шығарып отырған.


Алайда, қылмыс анықталды.


Қызылорда облысы бойынша МКД ЭТҚ-і Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағымен және 385-бабы 1,2-бөліктерімен қылмыстық іс жүргізіп, қылмыстық жүйені толығымен ашты. Қызылорда қалалық №2 сотының ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіндегі шешімімен барлық қатысушылардың кінәсі дәлелденіп, тиісті жаза тағайындалды. Әрқайсысы 3 жылдан бас бостандығынан айрылды, алайда кішкентай балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.


 




Көрілген: 373    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сейсенбі, 12.09.2017, 08:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30