Қылмыс

Жүргізуші әйелді заң бұзуға мәжбүрлеген полицей жазасын алды

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Қызылорданың жергілікті полиция қызметкері айғақтарды бұрмалап, жүргізуші әйелге қатысты жалған әкімшілік іс қозғағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.


Облыстық прокуратура қызметкерлері әкімшілік іс бойынша сот қабылдаған шешімдердің заңдылығын тексере отырып, әкімшілік іс материалдарының жалғандығын анықтады.


"Қызылорданың жергілікті полиция қызметкері қала көшелерінде патрульмен жүру кезінде дүкен жанында тұрған көлікті байқап қалады, жүргізуші әйел сыра ішіп отыр екен, — деп мәлімет берді облыстық прокуратура. — Полицей медициналық анықтама алу үшін әйел адамды облыстық наркологиялық орталыққа алып келіп, азаматшаның жеңіл дәрежеде мас болғаны тіркелген".


Бірақ шын мәнісінде әйел мас күйінде көлік айдаған жоқ еді. Көлікті тұраққа қойып, алкоголі аз ішімдік ішіп отырды.


"Сол кезде әкімшілік құқықбұзушылықты қолдан жасау мақсатында полицей жүргізуші әйелден дүкен жанында тұрған көлікті тұрғын үй ауласына айдап апаруды талап етеді, — деп хабарлайды прокуратура. – Сол кезде полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатып, мас күйінде көлік айдағаны үшін әкімшілік хаттама толтырады".


Әйелдің құқығын қорғауға прокурорлар көмектесті – полицейге қатысты ҚР ҚК 416-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (айғақтарды бұрмалау).


"Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен полиция қызметкері Амангелдіұлы әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді", — деп мәлімет берді облыстық прокуратура.


Үкім заңды күшіне енді. Ал көлік иесіне қатысты іс тоқтатылды.


Sputnik


 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 12:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31