Қылмыс

Қарағандыда алаяқтық үшін сегіз риэлтор сотталып жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қарағандыда Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Қарағанды, Астана және тағы да басқа қалалардың 180 тұрғынынан алаяқтықпен ақша жымқырған ер адам және жеті әйелдің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Алданғандардың көпшілігі Қарағанды қаласына іссапармен келгендер, тағы біразы отбасылық жағдайларына байланысты жалға берілетін пәтер іздеуге мәжбүр болғандар. Қарағанды ІІБ Орталық полиция бөлімі тергеушісінің нұсқасына қарағанда, сегіз сотталушы клиенттерінен 8 мың теңгеден ақша алып, баспана беруге дайын пәтер иелерінің нөмірлері жазылған тізімді ұсынып отырған.


Олар үш агенттік құрған: «Позитив», «Шығыс» және «Квартирный вопрос».


«Сот алдында отырған Зарина Балкен «Нөкербеков» жеке кәсіпкерлігінің кеңсесінде маған спектакль қойып берді. Үш адамға телефон соғып, пәтерлерін жалға беріп жіберген бе, жоқ па, соны сұрады. Онан соң телефонды қойып, үш бос пәтер бар екенін айтты. Бірақ алдымен 8 мың теңге талап етіп, жолым болмаса ақшаны қайтаруды талап етпейтіндігім туралы келісімшартқа қол қоюымды сұрады. Мен оған қол қойдым. Күні бойы әлгі үш нөмірге телефон соқтым, олар сөндірулі болды», - дейді жәбірленуші Баян.


Жарты жыл ішінде жоғарыда аталған үш агенттіктің өкілдерін қылмыстық жауапқа тартуды сұрап, 180-ге жуық азамат полицияға жүгінді.


Тергеу нұсқасына орай, сотталушылар материалдық залалдың сомасы небәрі сегіз-ақ мың теңге, ал мұндай ұсақ ақшаға бола құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамайды деп ойлаған. Оның үстіне, әккі риэлторлар клиенттердің өздеріне қол қойғызып алған келісімшартты жазаға тартылмаудың кепілі ретінде пайдаланған.


Агенттік директоры Марат Нөкербеков Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігіне («адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өз қызметін пайдалана отырып, бірнеше рет жасалған алаяқтық») сәйкес айыпталып отыр. Себебі жоғарыда аталған үш агенттік «Нөкербеков» ЖК-ға тіркелген.


Жеті әйелге Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі («адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылды. Олар бостандықта жүр. Әйелдерге қатысты «кепілдікке босату» бұлтартпау шарасы қолданылған.


Еске сала кетейік, «Позитив», «Шығыс» және «Квартирный вопрос» жылжымайтын мүлік агенттіктерінің директоры 2017 жылғы тамызда жалға берілетін баспанаға қатысты алаяқтық ісіне күдікті ретінде ұсталған болатын.


 


 




Көрілген: 168    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30