Қылмыс

Қарағандыда әйел таксисті өлтіріп кетті

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Қарағанды шетіндегі саяжайдан Ақтас елді мекенінде такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің мәйіті табылды. Оның артында екі жасар баласы қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап.


Такси қызметінің мәліметінше, такси жүргізуші кеше, 27 қазан күні жоғалып кеткен.


«Үш жігіт диспетчерлік қызметтің кеңсесіне келіп, Шахтинск қаласына дейін жеткізіп салатын көлік сұрады. Юлия Стонкустың кезегі болатын. Ол клиенттерді «Мерседеспен» алып кетті. Содан кейін оны көрген жоқпыз. Байланысқа шықпады. Ұялы телефоны сөндірулі болды», - дейді диспетчер.


Бүгін такси жүргізушінің мәйіті Қарағанды шетіндегі Федоровка саяжайларының аумағынан табылды. Әйел басынан қатты жарақат алған.


«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тергеліп жатыр. Қылмысты ашу бойынша шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері. 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 28.10.2017, 16:06

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30