Қылмыс

Қарағандыда қызының қолын сұраған жігітті "қайын атасы" пышақтап өлтірді

  • © KALUGANEWS.RU

    © KALUGANEWS.RU

Қарағанды қаласында ер адам жас жігітті қызының қолын сұрағаны үшін пышақтап тастаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


Қыздың әкесіне жас жігіттің дөрекі түрде қызын тұрмысқа беруін сұрағаны ұнамай қалған. Қаһарына мінген «қайын ата» сол жерде пышақ ала жүгірген. А. Абдрахминов алған пышақ жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.


Соңы өліммен аяқталған қайғылы оқиға қаладағы құрылыс вагондарының бірінде болған. Қыздың әкесі А.Тайкенов жас жігітке қызын беруден бас тартқан кезде «болашақ күйеу баласы» оны боқтап тастаған. Осыдан кейін сөйлесу үшін екеуі далаға шығып кеткен. Алайда қыздың әкесі далаға шыққан бетте екі ауыз сөзге келмей, А.Абдрахмановты бірнеше жерден пышақтап, жарақаттаған. Ауыр жараланған жас жігіт сол жерде көз жұмған.


А.Тайкеновтың жазасын толық өтемеген сотталғандығы бар. Өзінің іс-әрекетінен қандай қылмыс жасағанын жақсы түсінген ол танысының баласынан көмек сұрап, екеуі мәйітті қала шетіндегі «Қайыңды тоғай» ауданына апарып тастап, іздерін жасырған. Алайда көп ұзамай қылмыскерлерді құқық қорғау өкілдері қолға түсіреді. Қазір күдікті мен оның қылмысын жасыруға көмектескен адам құрықталды.


Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің айтуынша, дәл қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қарастырылуда. Күдіктіге адам өлтірді деген айып тағылса, екіншісіне қылмысты жасырды деген кінә тағылуда. Іс сотқа жіберілді. 




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.11.2017, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30