Қылмыс

Қарағандыда таксист әйелді өлтірген күдікті ұсталды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Полиция қызметкерлері қарағандылық таксист әйелді өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Еске сала кетейік, Қарағанды маңындағы Ақтаста такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің мәйіті табылғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияровтың сөзіне қарағанда, жоғары аталған кісі өліміне қатысты 35 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны ұсталған.


«Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Бұған дейін сотталған. Алдын ала мәліметтер бойынша жол ақысын төлеу бойынша шыққан жанжал соңы адам өліміне ұласқан. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді Бақытжан Құдияров.


Көз жұмған әйелге тиесілі «Мерседес» автокөлігі күдіктіден тәркіленді.


 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 28.10.2017, 18:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30