Қылмыс

Қарағандылық кәсіпкер Өзбекстанның 18 азаматын құлдықта ұстаған

  • © CENTRALASIAN.ORG

    © CENTRALASIAN.ORG

Қостанай облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарманың қызметкерлері адам саудасымен айналысты деген күдікпен 36 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.


Олардың мәліметі бойынша, ер адам 18 Өзбекстан азаматын сәуір айынан бері құлдықта ұстап келген.


«Оперативті-іздестіру шарасы барысында жекеменшік мекемеде 18 Өзбекстан азаматы бар екені анықталды. Полицияның анықтауынша, шетел азаматтары сәуір айынан бері жеке кәсіпкердің үйінде заңсыз жұмыс істеген. Ер адам оларды алдап, диірмен тартқышта жұмыс істеткен. Еңбектері үшін ақша төлемеген. Құжаттарын тартып алған», – деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.


Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге адам саудасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал Өзбекстан азаматтары жауапқа тартылмайды. Себебі олар адам саудасының құрбаны болған.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта өзбек азаматтары қоғамдық ұйым мен полицияның қорғауында.


 Nur.kz




Көрілген: 207    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 10:47

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30