Қылмыс

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам жемқорлық үшін сотталған

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өтіп жатқан xалықаралық конференцияда өз жұмысының нақты нәтижелерін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"2001 жылдан бері Қазақстанда жемқорлық үшін 10 мыңнан астам адам сотталды. Олардың ішінде 2 экс-премьер, 17 төраға, министрлер мен олардың орынбасарлары, 15 облыс пен қала әкімдері, ұлттық компаниялардың 8 топ-менеджері, күш құрылымдарының 8 жетекшісі, генералитет бар. Бұның барлығы адамның заң алдында тең екенін, қылмысты кім жасаса да, жазадан құтыла алмайтынын көрсетеді" - дейді Қожамжаров.


Оның айтуынша, аталған шаралардың арқасында xалықтың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сенетіндердің саны екі есеге артты. Ал пара беру жағдайлары төмендеді.


"Әрине, ұйымдастырушыдан бастап орындаушыға дейінгі барлық қылмыстық тізбекті анықтау жұмысына негізгі басымдық берген жөн. Ал, ең бастысы, мемлекет қаржысын жымқыруды әу бастан әшкерелеу керек", - деп атап көрсетті агенттік басшысы.


 


 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жұма, 08.12.2017, 11:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30