Қылмыс

Қазақстанда аса қауіпті қылмыскер қашып кетіп, Қырғызстанды аяғынан тік тұрғызды

  • Қазақстанда аса қауіпті қылмыскер қашып кетіп, Қырғызстанды аяғынан тік тұрғызды

    Қазақстанда аса қауіпті қылмыскер қашып кетіп, Қырғызстанды аяғынан тік тұрғызды

Қырғызстанның Ош қаласында полиция қауіпті рецидивист қылмыскер Жылдызбек Бекмұрзаевты іздеп жатыр. Ол Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен.


Бекмұрзаев қарақшылық, зорлау және тонау қылмысы үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.


Қазақстанда Бекмұрзаевты не үшін соттады?


Бекмұрзаев 2017 жылы шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Қазақстанда ұсталады. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыскерді экстрадициялауды сұрайды, бірақ қазақстандық сот оны жарты жылға қоныс колониясына жібереді.


Қырғыздың құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, Бекмұрзаев Қазақстандағы колониядан қашып кетіп, еліне оралып, жаңа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.


Қазақстанның ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыскер колониядан қашып кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді. Комитет өкілдері Бекмұрзаевтың Қазақстанда сотталғанын растады, бірақ бір мәселені нақтылап өтті.


"Ол қашып кеткен жоқ. Бұл жазаны өтеуден жалтару болып табылады, яғни ол қоныс колониясынан кетіп қалды. Заң бойынша бұл "жалтару" деп аталады, қашу емес. Жабық түрмеден қашады, ал бұл жағдайда ол жазасын өтеуден жалтарды", — деді Sputnik тілшісіне Қазақстан ІІМ комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов.


Бекмұрзаевтың жаңа бандасы


Қырғызстанның тергеу органдарының айтуынша, Бекмұрзаевтың жаңа бандасы биыл мамыр-шілде айларының аралығында адам өлтіріп, тонап, бірнеше қылмыс жасаған. Тамызда Бекмұрзаевтың сыбайластарының бірі ұсталды.


Кеше Ош қаласының шетінде патруль жасап жүрген полиция қызметкерлері Бекмұрзаевқа ұқсайтын ер адамды байқайды. Тәртіп сақшылары одан құжаттарын көрсетуді сұрайды, бірақ бейтаныс адам сөмкесінен қаруға ұқсайтын зат алып шығып, полицейлер жақындаса атамын деп қорқытады. Осыдан кейін күдікті көлікке мініп қашады және соңынан қуған полицейлердің көлігін қиратады. Дегенмен, қылмыскер алысқа қашып кете алмайды, оның "Мерседесі" шалшыққа батып қалған. Сонда да ол берілмей, көлігін тастап, жүгері алқабының арасына кіріп жоқ болады.


Полицейлер алқапты қоршап тастады, қаладан шығатын жолдар қатаң бақылауға алынды.




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

жұма, 21.09.2018, 23:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31