Қылмыс

Қазақстанда халал шұжықтан шошқа ДНК-сы табылды

  • Қазақстанда халал шұжықтан шошқа ДНК-сы табылды

    Қазақстанда халал шұжықтан шошқа ДНК-сы табылды

Санитариялық дәрігерлер дүкен сөрелеріндегі ет өнімдерінен 145 сынама алып, құрамынан қаптамасында көрсетілмеген заттарды анықтапты, деп хабарлайды ktk.kz.


Жандарбек Бекшин, ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:


– 40 сынаманың ішінен ет өнімінің қаптамасында көрсетілмеген шошқа етінің ДНК-сы анықталды. Бұл өнім шығару кезінде технологиялық талаптарды бұзудың салдары. Мәселен, шошқа еті бар өнім де, халал таңбалы ет өнімдері де бір қондырғыда жасалады. Өндірушілерге тиісті ескертпе жіберіліп, сатылымнан 38 тонна ет өнімдері алынды.


Бұл елімізде адал өнімнен шошқа құрамы табылған алғашқы оқиға емес. Жандарбек Бекшин, дәрігерлер қанша күрессе де өнімнің тазалығын толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғанын айтады.


Сараптамадан өткен шұжықтардың 70 пайызына жуығында, жартылай фабрикаттардың 20 және ет консервілерінің 7,5 пайызының құрамында шошқа бар болып шықты.


Санитарлық талаптар бұзылған өнімдердің 88 пайызы импорттық тауар. Сырттан бүлініп келген өнімдердің көшін ресейлік импорт бастаса, екінші орында Қырғызстан тауарлары тұр.


Ресейдің Курников және Ставрополь бройлері маркасымен сатылатын тауық етіне су егілгені де анықталыпты. Яғни еттің көлемін арттыру үшін ет арасына су жіберіліп, мұз күйінде Қазақстанда жіберілген. Еліміздің бас санитарлық дәрігері тұтынушыларды сақ болуға кеңес берді.




Көрілген: 418    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30