Қылмыс

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі қамауға алынды

  • ©  zakon.kz

    © zakon.kz

Қазақстандық бизнесмен әрі "Эксимбанк Қазақстан" акционерлік қоғамының экс-басшысы Еркін Әмірханов Астанада қамауға алынды. Ол коммерциялық пара берді деп күдіктелуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Еркін Әмірханов бірнеше жыл бойы еліміздің ең бай адамдары тізімінде бой көрсетіп келді.


Қазақстан ҰҚК ақпаратына сәйкес, Әмірхановтың үстінен сот алды тергеу ағымдағы жылдың 3 мамырында басталған.


"2018 жылдың 3 мамырында ҰҚК тергеу департаменті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі бойынша (Астанадағы мемлекеттік келісімшарттар аясында мердігерлік жұмыс атқаратын) бұрынғы төрағасы Әмірханов Еркіннің үстінен сот алды тергеу жүргізуді бастады. Ол Қылмыстық кодекстің 253 бабы алтыншы бөлімі бойынша (коммерциялық пара беру) қылмыстық заңбұзушылық жасады деп күдіктелуде", - дейді ҰҚК өкілі.


Әмірханов 5 мамырда қамауға алынып, 6 мамырда сот оны қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты.


ҰҚК тергеу құпиясын жария ете алмайтынын алға тартып, іс бойынша өзге ақпаратты айтпады. 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31