Қылмыс

Қазақстандық жігіт ноутбуктің көмегімен банкомат тонаған

  • © Sputnik / Владимир Трефилов

    © Sputnik / Владимир Трефилов

Қазақстандық жігіт ресейлік банкоматқа ноутбукті қосып, бір миллион рубльден астам ақша алған.


Астрахань қаласы прокуратурасының мәліметінше, отыз үш жастағы Қазақстан азаматы екі миллион рубльден астам қаржы ұрламақ болғаны үшін айыпталды.


"Тергеу бойынша, айыпталушы түнде Н. Островский көшесіндегі банкоматтың корпусын ашып, арнайы бағдарламасы бар нетбугін қосып, телефон арқылы сыбайласына хабарлаған", — делінген қадағалау органының хабарламасында.


Бастапқы деректер бойынша, сыбайласы өз компьютері арқылы банкоматтың бағдарламалық қамсыздандырылуын бұғаттап, нәтижесінде ондағы ақшаның біраз бөлігін шығарып алған — бір миллион рубльден астам. Қалған соманы тонаушылар ала алмапты. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеткен.


Қала прокуратурасы қылмыстық істі Астрахань Кеңестік аудандық сотына жіберді.


Sputnik


 


 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31