Қазақстанның қыздары Түркияда секс-құлдыққа түскен

Қазақстанның қыздары Түркияда секс-құлдыққа түскен

 Түркияның үш қаласында жүргізілген операция кезінде қылмыстық топтардың мүшелері ұсталды, олар ТМД елдерінің қыздарын Түркияға апарып, секс-индустрияда жұмысқа салған, олардың қатарында Қазақстанның қыздары да бар, полицейлер операцияларды Айдын, Ялова және Бурса қалаларында жүргізді, деп хабарлады "Sputnik Әзірбайжан".

Операция бір мезетте 17 мекенжайда жүргізілді. Оның нәтижесінде банданың 16 белсенді мүшесінің барлығы ұсталды. Қылмыстық топтың құрбандары тексеруден кейін үйлеріне жіберіледі.

Түркиялық құқық қоргау органдарының қызметкерлері үш ай бұрын күтпеген жерден банданың бір мүшесімен байланыс орнатып, ізіне түседі, оның лақап аты "Паспортстол" болған. Қылмыстық топтың ұйымдастыру жөніндегі мәселелерін шешуге отбасылардың қатысқаны анықталды - ерлері мен әйелдері. Алдын ала жасалған схема бойынша, Әзірбайжан, Беларусь, Украина, Молдова және Қазақстан елдерінен қыздарды алдап, жақсы әрі жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұрғызамыз деп Түркияға апарған. Әйелдер қалайда Түркияға жеткен, жеткен соң "қызық" ұсыныстар жасалған. Сол кезде-ақ олардың қолында құжаттары болмаған, тартып алған. Сонымен қатар, қыздарды өздеріне тартумен айналысқан қылмыстық топтың "инструкторлары" телефон арқылы сөйлескенде немесе хабарлама алысқанда құпия сөздерді пайдаланған. "Көлікті жалға беру", "Туған күнге торт", "оңаша тур", "көңілді түндер" - бұл қылмыскерлердің пайдаланған цитаталарының толық тізімі емес.

kaz.tengrinews.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста