Қылмыс

Қазақстанның сот жүйесі заманауи технологиялардың көмегімен жаңғыртылуда

  • Қазақстанның сот жүйесі заманауи технологиялардың көмегімен жаңғыртылуда

    Қазақстанның сот жүйесі заманауи технологиялардың көмегімен жаңғыртылуда

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет» екенін атап өткен болатын. Осыған орай соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды. Еліміздің сот жүйесінде жаңа технологияларды енгізу қазірдің өзінде тиімділігі мен нәтижесін беріп отыр.

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамын жүзеге асыру барысында барлық соттар аудио және бейне құрылғыларымен қамтамасыз етілді. Сот процестерінің аудиобейнежазба құрылғылары орнатылған залдарда өткізілуі әділ сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне, судьялар мен сот талқысына қатысушылардың процессуалдық нормаларды сақтауына оң ықпал етті. Судьялардың жұмысын оңтайландырып, бюджет шығындары мен сот өндірісіне қатысушылардың қаржысын, уақытын үнемдеуге, сот отырысы хаттамасының сапасын арттыруға, мәселелерді объективті түрде шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүгінде сот үрдістерін дыбыс және бейнетаспаларына жазу жаңа сапалық деңгейге көтеріліп отыр. Сот отырыстарына дыбыс-бейне тіркеу жүйесін енгізу бұл біршама айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы қадам екендігін дәлелдеді. Қазір сот процестерін қосымша уақыт пен қаражат шығындамай-ақ қашықтықтан бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу қалыпты құбылысқа айналып барады. Жолдау талаптарын жүзеге асыру барысында бұл жұмыстар одан әрі дамытыла береді. Озық технологияларды енгізуде сот жүйесі жолбасшылық тізгінін бекем ұстап келеді. Жалпы, сот жүйесінде енгізіліп отырған барлық жаңа сервистік қызметтер халықтың сот құжаттарына қолжетімділігін арттырып, олардың сотқа деген сенімділігін одан әрі нығайта түсуде.

Мемлекетіміз үшін алдағы меже – дамыған отыздықтың сапына ену. Бұл тұрғыда қай салада болмасын тың серпін бар. Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Яғни сот жүйесін дамытуда осындай үдерісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу біз үшін де және ел үшін де аса қажеттілік деп есептейміз.

Ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде халықтың әрбір мемлекеттік қызметке қол жеткізуді оңтайландырылып, автоматтандырылған күйге көшті. Ал сот саласында ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты – сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қолжетімділігін арттыру болып табылады.


Срайлов Төлебек Тұрапұлы, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының бас маманы, Сот Мәжілісінің хатшысы


 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 02:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31