Қылмыс

Кеудесіне тергеушінің атын ойып жазған ақтөбелік бұзақылық үшін сотталады

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Денесіне тергеушінің атын жазып алған ақтөбелік ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық прокуратурасы аппаратының басшысы Жасұлан Дүлембаев хабарлады.


Ол тергеу барысында Бауыржан Өнерзақтың төбелес кезінде қолынан пышақ табылмағаны дәлелденбегенін және ендігі кезекте оның тек бір топ адаммен жасады делінген бұзақылық әрекеттері үшін соттайтынын айтты.


"Бауыржан Өнерзаққа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық, адамдар тобы") бойынша сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тағылған айыптар алып тасталды", - деді Дәулембаев.


Сонымен қатар, ол тергеу барысында жіберілген қателіктерге байланысты қателіктердің орнын толтыру туралы арыз берілді. "Қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарға іздеу жарияланды", - деді прокурор.


Еске салайық, Ақтөбенің тергеу изоляторында шарасыз күйге түскен ер адам өз кеудесіне тергеушінің аты-жөнін тіліп жазған. Бұл әрекеті арқылы ол өзінің кінәсіз екенін айтпақшы болған.


Бауыржан Өнерзақ Ақтөбе орталығында "Strike" түнгі клубындағы жаппай төбелеске қатысы бар делінген. Оқиға 25 маусымда таңғы уақытта болған.


"Менің күйеуім де осы клубта демалған. Ол төбелесті көріп, бірден ажыратуға барған. Видеожазба бар, онда Бауыржанның төбелескендерді ажыратып жатқаны анық көрінеді. Олардың кейбірі пышақ сермеген. Видеодан күйеуімнің ешкіммен төбелеспегенін көруге болады. Бір сәтте ғана ол өзіне пышақ сермеген жігітті итеріп жібереді", - дейді Арина Нұғманова.

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 20.10.2017, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30