Қылмыс

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанында студент қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Түркістанда студент қызды тонап, зорламақ болған күдікті бір айдан кейін ұсталды. Оны жедел іздестіру шараларын Облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетейік, қылмыстық оқиға қыркүйек айында орын алған еді.


Ясауи кесенесінің жанында белгісіз біреу жас қыздың ізіне түсіп, оның ұялы телефонын тартып алған. Артынша зорламақ болған еді. Абырой болғанда қызды жергілікті тұрғындар құтқарып, жедел жәрдем шақыртқан.


Бұл көрініс әлеуметтік желілерге де тарап кеткен болатын.


Осы оқиғадан кейін полицейлер сезіктіні ұстауға кірісті. Із кесушілер өңірдің әрбір ауданын тексеріп, барлық облыстарға күдіктінің бағыттамасы жіберілді. Өйткені, оның облыс аумағынан шығып кетуі мүмкін деген болжам болған.


Нәтижесінде қазан айының басында сезікті Алматы қаласынан ұсталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Зорлауға оқталу» және «Тонау» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31